Шымкентте үш күннен бері 18 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

97

5 тамыз күні Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жас қыздың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Ағасының айтуынша 2004 ж.т. Аида Әбілда 4 тамызда сағат 16:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида «Долана-Бұлақ» колледжінің 1 курс студенті. Белгілері: бойы шамамен 160-165 см, орта денелі, шашы қара түсті, көзі қысыңқы, мойынында ісігі бар (ЗОБ).
Жоғалған қыздың қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Қызды іздестіру жұмыстары Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.