Шымкентте жас жігіттен досы 100 мың доллар ақша бопсалаған

81

Шымкенттік тұрғын өз досының құрбаны болды. Жәбірленуші полицияға арызданған.

Жас жігіттің айтуынша, әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындауға тура келген. Содан  бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.