Су таратушы каналдар бақылаудан өткізілді

32

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында ауіыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің қарасы қалың. Бірі мал шаруашылығымен, енді бірі жылыжай шаруашылығын дамытып, өркендетіп отыр.

Әсіресе бау, бақша өнімдерін өсіретін кәсіпкерлер үшін ағын судың маңыздылығы зор. Осы тарапты мәселе туындамас үшін жуырда Қазығұрт аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Жүсіп, Қазығұрт су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының  басшысы міндетін атқарушы Б.Айтбеков және бөлім қызметкерлерімен аудан аумағындағы су таратушы каналдарды тексеріп, ауылдарда шаруалармен кездесу өткізіп, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында шаруалардан ағын су мәселесі бойынша туындаған мәселелері жоқ екендігіне көз жеткізді. Жалпы аудан аумағында канал саны 105 бірлікті құрайды, аудан бойынша суармалы жер көлемі 13.500 га құрайды.
Кездесу қорытындысы бойынша ауданда ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалардың кәсіпкерлік қызметін қорғау және оларға қолдау білдіру маңызды екендігін және аудан прокуратурасына жергілікті шаруа қожалықтары туындаған мәселе бойынша жүгіне алатындарын назарға жеткізілді.