Сырдарияда суға батып кеткендердің соңғысының денесі табылды

64
фото qaz365.kz

Сырдарияда суға баып кеткендердің соңғысы табылды.  Бүгін сағат 14:56-да  өзенге  батып кеткен қыздың денесі табылды. Сол күні барлығы 11 адам суға кеткен, соның ішінде 8-і кәмелетке толмаған балалар болатын.

Еске сала кетсек, Отырар ауданының аумағындағы Сырдария өзенінде бір әулеттің 4 отбасы мүшелерінің 11-і суға кеткен болатын. Алдымен 9 -ының денесі судан шығарылып, қалған екі жасөспірімнің денесін іздеу жұмыстары екі күн бойы жалғасты.

Төтенше жағдайлар министрлігі өз қауіпсіздігі мен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.