Түркістан облысының Полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестірілуде. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптыі 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы — қамауға алу.
Облыстық Полиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұрайды. Айта кетейік, берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған.