Заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды

26
фото Массагет.кз

Жуырда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады.

Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды.