«Грэмми» марапатының иегері және Billboard Music Awards жеңімпазы, қазақстандық музыкант Imanbek Яндекс Карталардағы жүргізушілерге арналған көмексөздерді қазақ және орыс тілдерінде дауыстап берді. Әртістің дауысын Яндекс Карты сервисі қолжетімді кез келген елде қосуға болады.
Imanbek навигациялық сервисте Қазақстаннан шыққан алғашқы жұлдызды дауыс атанды. Қазір Яндекс Карты сервисін ай сайын 2,6 млн-нан астам адам қолданады, олардың 90%-ы дауыстық көмексөздерді тыңдайды.
Музыкант жүргізушілерге маршрут бойында көмектесіп отыратын 400-ден астам фразаны дауыстап жазып берді. Мысалы ол жолдың соңына дейін қанша қалғанын айтады және бағдаршамдар, жолдағы жұмыстар, апаттар мен жылдамдықты бақылау камералары туралы ескертеді.
Оған қоса пайдаланушылар әртістің шығармашылығын және музыкалық индустриядағы жолын көрсететін фразаларды да ести алады. Мысалы жолға енді шыққан кезде Imanbek, электрондық музыканы жасау үрдісін ойната отырып, маршрут бойындағы «жолдарды біріктіруді» және «жетістікке жеткізер жол» салуды ұсынады.
Аралық нүктеге келген кезде жүргізуші «сеттің жартысы артта қалды» деген фразаны естиді. Егер алда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатса, музыкант әзілдеп, алда біреу «тюнинг жасағысы келіпті» деп те айтады. Ал қолданба жолда камераларды байқаса — бүкіл жерге кіре беретін «папарацци» туралы да қалжыңдайды. Осылайша, үйреншікті көмексөздер пайдаланушылар үшін жаңа дауыспен айтылып, маршрут бойында жол табуға көмектесіп қана қоймай, жолды сәл көңілдірек жүріп өтуге мүмкіндік береді.
«Мен рөлде жүргенді өте жақсы көремін, маған жол романтикасы өте жақын. Егер үйде болмасам, демек, жолда кетіп барамын дегенді білдіреді. Және менің дауысым Яндекс Карты арқылы жолда басқа жүргізушілерге көмек беріп, олардың көңіл-күйін көтеретіні мені әбден қуантады», — деп ойымен бөлісті Imanbek.
Яндекс Карты сервисінде музыканттың дауысын қосу үшін қолданбадағы профильге кіріп, «Баптаулар» арқылы «Дыбыстар мен хабарландырулар» тармағын ашыңыз, кейін «Аннотациялар тілі» бөлімінде дауыстық көмексөздердің тілін (қазақша немесе орысша) көрсетіңіз және «Дауыс» бөлімінен Imanbek-ті таңдаңыз.