Орталық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлау бойынша мәлімдеме жасады.
Сайлау 5 қарашаға белгілеп отыр. Сол күні халық 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін сайлайды. Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі.
Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облыстық мәслихаты екі аудан мен бір қала әкімдерін сайлауды өткізетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, Ақтоғай және Осакаров аудандарында, сондай-ақ, Приозерск қаласында жергілікті тұрғындар әкімді сайлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.