Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 101 диспетчерлік басқару пультіне 28 қыркүйекте сағат 17:49-да Әл-Фараби ауданындағы Сасбұқаев көшесінде орналасқан ағаш есік жасау цехында орын алған өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнында цехтің көлемі 200 ш.м. шатыры жанды. Өрт сағат 18:26-да оқшауланып, сағат 18.51-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына: ТЖД-дан (17-дана техника, 51-қызметкер) жұмылдырылды.