Қызылшамен жануарлар ауырмайды, тек адамдар ғана. 1963 жылға дейін, осы ауру үшін жылына 2,6 миллион адам көз жұматын. Бірақ, қызылшаға қарсы вакцина табылғаннан кейін, көптеген елдерде бұл вирус толығымен жойылды.
Ғалымдардың айтуынша, вакцинацияға қарсы адамдардың кесірінен бұл ауру қайта таралуда. 2017 жылы одан 110000 адам қайтыс болды. АҚШ және Еуропа дәрігерлері дабыл қағуда: қызылша ауруының салдарынан мектептер және балабақшалар карантинге жабылып жатыр.
Алғашқы белгілері Қызылшаның алғашқы белгісі – дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі, ол 1 аптаға созылады. Бастапқы кезеңде тұмау, жөтел, жүрек айнуы, бастың ауруы және конъюктивит болады. Науқастың тәбеті жоғалады. Бірнеше күннен соң, бетте және мойында бөртпелер пайда болады. 5-6 күн өткеннен кейін бөртпелер жоғалып кетеді. Статистикаға сүйенетін болсақ, 40% жағдайда ауру асқынады, әсіресе 5 жасқа толмаған балаларда. Оларда соқырлық, құлақтың қабынуы, гепатит және энцефалит сияқты дерттер пайда болуы ғажап емес. Инфекцияның таралуы Бұл жұқпалы ауру – тікелей байланыс арқылы жұғады. Ауамен тасымалданып, ағзаға таралады. Таралуына жөтел және түшкіру көмегін тигізеді. Даладан гөрі, оны жабық бөлмеде жұқтыру қаупі едәуір жоғары. Қызылшамен бір рет ауырған адам, бұл вирусты енді ешқашан жұқтырмайды. Өйткені, ол кісіде өмір бойына иммунитет пайда болады.
Қалай емделуге болады? Ауру асқынбаған болса, оны үйде емдеуге болады. Дене температурасын төмендетуге парацетомол, имммуниетті көтеру үшін витаминдер, жөтелге қарсы дәрі-дәрмектер және т.б. қолданылады. Қазіргі уақытта қызылшаны емдеуге арналған бірде-бір дәрі жоқ. Сондықтан, алдын ала вакцинация жасауға кеңес беріледі.
Әл-Фараби ауданының СЭББ
бас маманы О. Абдукаримов