Автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды

53
Бидайдың ылғалдылығы 14 пайыз болуы шарт

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды «АПК Новости» ақпарат агенттігі.

Тыйым алты ай мерзімге енгізіледі және бұл тыйым бидайға қатысты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119; 100199).
Лицензиясы бар элеваторларға, астықты қайта өңдеуші кәсіпорындарға, құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды темір жол көлігімен әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көлігімен астық әкелуге тыйым салынады, деп хабарлады агенттік.
Ауыл шаруашылығы министрлігі лицензиясы бар элеваторлар, астықты қайта өңдеушілер, құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін жасап, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жолдауы керек.
Бұйрық 2023 жылдың 11 қазанында күшіне енеді.