«Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты түсіндірілді

47

2023 жылдың 19 қыркүйек күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қаызғұрт ауылы округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының алтыншы бағыты яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау, түсіндіру мақсатында кездесу жиналысы өтті.

Жиналысқа аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Б.Өсербаев, «Ырыс» Микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  аймақтық менеджері Т.Күзенбаев, Қазығұрт ауылы округі әкімінің орынбасары М.Көпеев және кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бүгінде Қазығұрт ауданында кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бұрыннан ісін жолға қойғандар да, кәсібін жаңадан ашып жатқандары да бар. Барлығы да аудан экономикасын көтеруге жұмыла жұмыс істеуде. Кәсіпкерлердің көбеюіне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектердің септігі тиюде.
Аталмыш бағдарламаның тиімді тұстары мен артықшылықтары ауыл тұрғындарына толықтай түсіндірілді. Мал шаруашылығына берілетін несиеге қызығушылық танытқандар көп болды. Негізі ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан болашақ кәсіптерін дәл осы саламен байланыстырғысы келетіндер көп.
Аудандағы барлық ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту мақсатында, жобаның негізгі мақсаты мен несие шарттары туралы ауыл тұрғындарына түсіндірілді. Жиналыс барысында кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.