Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

18

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы орталық саябақ аумағында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері де өз үлестерін қосты.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері базар бағасы нарығынан төмен деңгейде сатылды. Жәрмеңке аясында тек ауданда өндірілген өнімдер яғни, мал шаруашылығымен айналысатындар ет, сүт өнімдерін сөрелерге жайды. Ал ара шаруашылығымен айналысатындар бал өнімдерін алып келді. Ауданда кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Қазығұрттың құнарлы топырағында өндірілген картоп, пияз, сәбіз, қызанақ, болгар бұрышы, қырыққабат, жүзім, алма, жаңғақ, қияр, асқабақ, аскөкті жәрмеңкеге келушілер арзан бағада сатып алды. Ал кондитерлік өнімдер шығарумен айналысатын кәсіпкерлер тәтті тоқаштармен келушілерді қуантты.
Нарық бағасынан әлдеқайда төмен сатылған өнімдерге қазығұрттықтар ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жәрмеңке ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады.