Елімізде кімдерге некеге тұруға рұқсат етілмейді?

316

Қазақстан Республикасында кейбір адамдарға некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуына) рұқсат етілмейді. Олар кімдер?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Неке және отбасы туралы заңға сәйкес бірінші кезекте бір жынысты адамдардың ерлі-зайыпты атануына рұқсат жоқ.

Сонымен қатар некеге тұрушылардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың, бір-біріне жақын туыстардың, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың некеге тұруына болмайды.

Бұдан өзге соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында некелесуге (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.