Елімізде ең төменгі базалық зейнетақы 24 мыңнан 28 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осылайша, зейнетақының ең төменгі мөлшері 58 мың теңгеге жетпек.
Сондай-ақ, келесі жылы зиянды өндірістерде жұмыс істеп жүргендерге арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданбақ.
Онда жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді бағалаудың жаңа моделін енгізу, кәсіпорындарда цифрлық карта құру сынды мәселелер қарастырылады.