Өзгелердің акаунтын көшіріп алып, ақша сұраған кибер-алаяқ ұсталды

30
фото Егемен.кз

Абай ауданының полициясына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, әлеуметтік желіде досы одан ақша сұрап хат жазып, қиын жағдайға тап болғанын және бірнеше күннен кейін барлық соманы қайтаратынын жеткізген. Ер адам ол көрсеткен шотқа ақша аударымын жасап, біраз уақыттан кейін досымен кездескенде онымен мүлдем хат алмаспағанын білген.

Аталған арыз бойынша қылмыстық істі тіркеген полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Бойжеткен тағы бір азаматтының сеніміне кіріп, дәл осындай жолмен ақша алғаны белгілі болды. Қаскүнем әлеуметтік желідегі құрбандарының парақшасын мұқият зерттеп, достарының атымен аккаунт ашқан.
Қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін, ол басқа адамдардың профилінен жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланып, жәбірленушілердің санасында ешқандай күмән қалдырмаған.
Осылайша, Абай АПБ-ның тергеушілері іс материалдарын барлық жинақталған айғақтармен бірге сотқа жіберді. Жас қыз «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.