Пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

28

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық прокуратурасы, пробация бөлімі, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап орталығы мамандарымен бірлесе отырып Мәдениет сарайында Қазығұрт ауданы бойынша пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Аудандағы жұмыс беруші кәсіпкерлердің қатысуымен бірге өткізілді.

Тағдырының қатал сынына ұшырап, сүрініп кетіп, іске шатылғандарды қоғамнан оқшауламау қажеттігі белгілі. Қайта өздерін қоғамнан тысқары қалғандай сезінетін жандарды қоғамға бейімдеу жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту шаралары қолға алынуда.
Пробация есебінде тұрған азаматтардың арасында да қолы епсекті, ұсталары жетерлік. Кәсіпкерлер ұсынған бос жұмыс орындарына лайықтылары баршылық. Өзіне ұнаған, жалақысы да жоғары жұмысқа орналасуға ниет білдіргендердің қатары көп болды.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұратын болады.