1 желтоқсанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

59

Шымкентте желтоқсанның 1-інде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Абай ауданындағы «Мансап» орталығында өтетін шараны Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті және  «Еңбек мобильділігі» орталығы ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеге  білім, медицина, сауда, қаржы салаларынан, кәсіпорындардан жұмыс берушілер қатысады деп күтілуде.

Жәрмеңкеде қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерден  тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Мекен-жайы: Ұ.Арғынбеков көшесі, №243/3.