Қазақстанда қосылған құн салығы бойынша есепке қою науқаны жалғасуда. Салық Кодексіне сәйкес есепке қою, мемлекеттік мекемелер; резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; шаруа немесе фермер қожалықтарына міндетті болып табылады. Аталған тұлғалар тіркеу есебіне қою туралы өтiнiш берген күннен бастап төлеушiге айналады. Ал салық органы өтiнiшті бір жұмыс күні ішінде тіркеу есебіне қояды.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Салық төлеушілердің қалауына қарамастан, егер жылдық айналымның ең төменгі мөлшері асып кетсе, жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /қосымша құн салығы / ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою қажет.
Нұрлан Рысқұлбек, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Ең төменгі айналым шегінен асқан салық төлеушілер ҚҚС бойынша есепке тіркелуі тиіс. Бұрын 30 мың АЕК болып есептелсе, 2022 жылдың бастап 1 қаңтардан бастап 20 мың АЕК болған. Егер салық төлеуші Салық кодексіне сәйкес ҚҚС бойынша уақтылы есепке алынбаса, онда » Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес артық болған сәттен бастап айналымның 15 пайызын есепке қойғанға дейін, 10 күн ішінде қойса 25 АЕК, ал егерде белгіленген мерзімнен асып кетсе, 100 пайыз 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді».
Ең төменгі айналым мөлшері асып кеткен жағдайда ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою туралы тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына салықтық өтініш беру қажет. Өтінішті жедел түрде беру керек – асып кеткен ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей. Өтініш жұмыс күндері, қағаз немесе электронды түрде берілуі керек.