Рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

57

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларымен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия, Қазығұрт ауылы округіне рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Күні кеше Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ құрамының яғни, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе аудан аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін анықтау және болдырмау үшін арнайы шара өтті.

Нәтижесінде барлық ауыр жүк тасымалдайтын көлік иелеріне (Камаз, Зил, Хова және т.б.) заңсыз жер қойнауын (шағал, құм, топырақ) өз бетінше пайдалануды болдырмау үшін және заңсыз деректер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 139 бабына сәйкес айыппұл салынатындығын және тиісті қылмыстық жауапкершілік іс-шаралар қабылданатыны жөнінде ескертілді.

Бүгінгі таңға, барлық ауыл округтерде құрылған мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімдігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, тиісті жұмыстар күнделікті қадағалануда.