Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды аяусыздықпен өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

1442

 

““ҚҚ ҚК-нің 99 бабы 3 тармағы, 121 бабы 4 тармағы бойынша күдіктіні өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарамын” — деді Дәурен Мадалиев, Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Сонымен қатар, сотталушы химиялық кастрация мен мәжбүрлеп емдеу шарасына тартылады. Жәбірленушілердің талабы бойынша 100 млн. теңге көлемінде моральды шығын өтелетін болды. Қаза тапқан қыздың ата-анасының барлық талап-арызы орындалды.

Жәбірленуші тараптың заңгерінің айтуынша жарыссөзде прокурор өмір бақи бас бостандығынан айыру және кастрация жасауды сұраған.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 13 шілде күні Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылында болған еді.

Әсел Мәлік