2023 жылғы 28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіру әрекетінің жолын кесті.
Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың алдын ала салмағы 48 килограмнан асады.
Аталған факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.