Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде Президент Жолдауын ұжымдаса көрді

30

 

1 қыркүйек күні бүкіл халықпен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері де өз бөлімдерінде мұқият тыңдады.

Казармаларда, мәдени-демалыс орталықтарында және полигондарда барлық санаттағы әскери қызметшілер Мемлекет басшысының маңызды саяси және бағдарламалық баяндамасын тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды.

Біздің мемлекетіміздің барлық азаматтары сияқты, әскери қызметшілер үшін де оның маңызы зор, өйткені әскери қызметшілер – өмірі мен қызметі Отан тағдырынан ажырамас Қазақстан азаматтары болып табылады.

Әскери қызметшілер Мемлекет басшысының армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен, оның ішінде броньды техникамен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын ерекше ықыласпен қабылдады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді қозғаған Жолдауды көргеннен кейін әскери қызметшілердің барлық пікірлері оң жақты болды.