Шымкент полициясы 16 жыл бұрын адам өлтірген күдіктіге іздеу жариялады

699

Шымкент полициясы адам өлтіру қылмысы бойынша күдікке ілінген Алматы қаласының тұрғыны Бекзат Тасымовты іздеуде.

Полиция мәліметінше, 2007 жылдың сәуірінде Шымкенттегі Ә.Жангелдин көшесінде сағат 1.55 шамасында көпқабатты үйдің жанынан оқ жарақатын алған 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылған. Бұл туралы полицияның 102 арнасына хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) /1997 жылғы заң/ бойынша тіркелді.

Полицейлер қылмыскердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды жүргізген. Нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы қаласының 1979 жылы дүниеге келген тұрғыны Бекзат Тасымовтың ізіне түсті. Алайда ол әлі күнге дейін қылмыстық қудалаудан жасырынып жүр.

«Белгілері: көздері қоңыр, қасы қалың, бойы шамамен 175-178 см. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Шымкент қаласы ПД-нің 102 нөміріне немесе 8(7252)33-98-42, 97-63-66, 97-60-09 және 87027577957 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұраймыз» делінген Полиция департаменті таратқан мәліметте.

(Сурет: Шымкент қ. ПД)