Абай АПБ-ның учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру дерегін анықтады. 48 жастағы жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі.
Сонымен қатар, үйдің жанындағы мал қорасын тексеру кезінде скотчпен оралған, 2 үлкен қап марихуана табылды. Құрамында есірткі бар кептірілген өсімдіктердің жалпы салмағы 20 келі болды.
Ер адам ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі «аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау» және 300-бабы 1-бөлігі «Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру, сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті деп танылды.
Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер есірткіге қатысты кез-келген заңсыздыққа жол бермеу туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.