(Фото ашық дереккөз)
Шымкентте Темірлан тас жолы бойындағы көпқабатты үй подъезінен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы тұрғындар дереу полицияға хабарлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 31 жастағы жігіт ұсталды. Марқұм болған ер адам мен күдікті бір-біріне таныс болмаған екен.
Инсайдерлік дереккөз мәліметінше, екі ер азамат үй подъезінде жолығып қалған. Екеуі де осы үйде тұратын әйелдің пәтеріне бара жатыпты. Содан олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше ауыр соққы алған 35 жастағы ер адам сол жерде қайтыс болған.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.