Алаяқтың құрбандары «OLX» сайтында өздерінің пайдаланылған ноутбуктері мен үстелдік компьютерлерін сату туралы хабарландыру жариялаған жергілікті тұрғындар болып шықты. Жәбірленушілер Тұран АПБ-на бір адамға қатысты арызданған. 24 жастағы тұтынушы тауарды сатып алу кезінде, мүлік иесін келесі күні ақшалай аударым жасаймын деп сендірген. Сондай-ақ, қаскүнем өзінің жеке құжаттарын жіберіп, сатушыларда күмән қалдырмаған.
Уәде етілген күні қала тұрғындарына ер адамнан ешқандай ақша түспегендіктен , оқиғаны тәртіп сақшыларына хабарлауды ұйғарған. Бес жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асты.
Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол компьютерлік техникаларды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Шымкент қаласы полиция департаменті алаяқтардың жеке пайдакүнемдік мақсатта түрлі схемалар ойлап табатынын еске салады. Қаскүнемдер көбінесе OLX сияқты интернет-платформаларды сенгіш азаматтардың ақшасы мен құнды мүлкін иемдену үшін пайдаланады. Сонымен қатар, алаяқтар басқа біреудің атына несие рәсімдеу үшін әлеуметтік желі қолданушыларының жеке деректерін ұрлауға тырысады.
Өзіңізді осындай жайттардан қорғау үшін ешқашан, ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді және төлем картасының мәліметтерін бермеңіз немесе жібермеңіз.Өздерін банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстыратын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз. Күмәнданған кезде әңгімені аяқтаған дұрыс.