Шымкентте транспорт басқармасының экс-басшысына қатысты сот отырысы басталды

57

Шымкент қалалық қылмыстық сотқа белгілі шенеуніктің ісі келіп түсті. Мұхтар Қоқанбаев кәсіпкерден пара алды деп айыпталуда. Транспорт барқармасының экс-басшысы, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдауды кедергісіз субсидиялау үшін «Т-бас» компаниясынан 13 млн. теңге алды деген күдікке ілініп отыр

Шымкентте қаланың жолаушылар көлігі басқармасының экс-басшысына қатысты сот процесі басталды. Мұхтар Қоқанбаев сот отырысын таспалауға оның жүзін көрсетпеген жағдайда ғана келісті. Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік тасымалдаушыдан пара алды деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, Қоқанбаев тасымалдарды субсидиялағаны үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге алған.

Прокурор айыптау актісін шамамен бес минут оқыды. Қадағалау органының мәліметінше, Қоқанбаев «Т-бас» компаниясының басшылығынан қомақты сома талап еткен. Мемлекеттік айыптаушы экс-басшының өзіне жаңа көлік сатып алғысы келгенін айтады. Жеке компанияның өкілдері Қоқанбаевпен келісімге келіп, ақшаны оның үйінде қалдырған. Ал кейін пара берген тасымалдаушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке құқық бұзушылық туралы мәлімдеуге шешім қабылдаған.

Тоқтарбек Төлбасиев, Шымкент қалалық прокуратура басқармасының аға прокуроры
«Қоқанбаев басқарма басшысы қызметін атқарып, 10 маусым 2023 жылы  еңбек демалысында Алматы қаласына бола тұра, «Т-Бас» ЖШС-мен түзілген келісімшартқа сәйкес лауазымдды тұлға болып, өзінің өкілеттіліктерін пайдаланып, артықышылықтарымен пайдакүнемділік алу туралы қылмыстық ойы туындаған. Өзінің ойын жүзеге асыру үшін осы күні 15:00 шамасында Қоқанбаев Алматы қаласы Райымбек және Саин көшесі қиылысында «Т-бас» өкілі Әмреевпен жолығып, онымен басқарма тарапынан ай сайынғы берілетін субсиядиаларды ешбір кедергісіз аудару бойынша әңгімелескен. Осы ретте Әміреевтің өзіне тәуелді екенін түсініп, ай сайын 13 млн. теңгеге тасымалдаушыға кедергісіз субсидия беруге уәде берді. Осы сомаға Қоқанбаев өзіне Тойота камри сатып алғысы келді. Әміреев Қоқанбаевқа байланысты екенін түсініп, әріптесі Қамбаровтан Қоқанбаевтың пәтерінің жанында Қара пакетте 13 млн теңге қалдыруды өтінді».

Сот процесіне куә ретінде жолаушылар көлігі басқармасы бөлімінің бас маманы шақырылды. Самат Нұржановтан мемлекеттік айыптаушы да, Қоқанбаевтың қорғаушы тарабы да жауап алды. Барлығын қызықтырған сауал – жеке компаниямен шарт жасасу рәсімі қалай өтетіні жайында. Куә сұрақтарға сенімсіз және толық емес түрде жауап берді.

Самат Нұржанов, куәгер: Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы

Қоқанбаевтың адвокаты:
– Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізімін кім жасайды?

– Тарифтік комиссия жасайды. Тарифтік комиссия әкімнің өкімімен құрылады.

Қоқанбаевтың адвокаты:
– Біздің жағдайда, ол байқауда жеңіске жетті, иә? Ол осы бағытқа қызмет көрсетеді, дұрыс қой және субсидия бар ма?

-Егер ол дәлелдесе, иә. Ол бағытты жеңіп алды және субсидиялауға өтініш береді».

Зардап шеккен тарап адвокатпен бірге сот процесіне кешігіп келді. Олар сот залына ендігі куәгерден жауап алып жатқан сәтте кірді.

Қоқанбаев өзіне тағылған айыптаулармен келіспейді және толығымен жоққа шығарып отыр. Сотта оны 4 адвокат қорғайды. Экс-басшы қазірше үйқамақта, ал сот отырысына үйден келеді. Атышулы сот процесі әлі де жалғасады.

Гүлдана Дәурен