Шымкенттік психологтар тегін кеңес беріп жатыр

53

Психологтан тегін кеңес. Шымкентте қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ақысыз негізде психологиялық консультация жүргізіліп жатыр. Мамандардың көмегіне 14-35 жас аралығындағы жандар жүгіне алады.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын аталған жоба аясында қиын жағдайда қалған азаматтар психологтан өздеріне қажетті кеңес алады. Бүгінгі шараға сала мамандарынан көмек сұрап, өзінің өмірі жайлы сыр шерткендер қарасы көп болды.

Жобаға қалалық Аналар үйі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, пробация жастары мен білім беру мекемелерінен адамдар келіп қатысты. Жалпы шараға келген бас-аяғы 150 жасқа жеке қабылдау жүргізіліп, олардың мәселелері тыңдалады.

Айгүл Қанатқызы, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімнің бөлім басшысы: «Бұл жоба жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Осы жылға дейін қиын өмірлік жағдайға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке қабылдау жобасы 100 адамды қамтыды. Мекеме және жастардың сұранысына байланысты бізде қазір 150 жасқа көбейтілді. Және 50 адам қосылды».

Айта кетейік, жеке қабылдауға жүгінушілер жыл соңына дейін мамандар ұсынған семинар-тренингтерден өтіп тұрады.