Биыл «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і12 шақырымнан астам су құбырын қайта жаңартып жатыр. Алайда мегаполисте су құбырларының тозығы жеткен нысандар аз емес. Сондықтан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бойынша инвест бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2023 жылға бекіткен инвестициялық бағдарлама аясында Шымкентте су құбыры және кәріз желілерін қайта құру, ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша биыл 12 шақырымнан астам су құбыры мен 1300 қарышты метр кәріз желісі жаңартылады. Құрылыс жұмыстарын «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС жауапты мамандарымен бірге қоғам белсенділері де бақылауға кірісті.
Ибрахим Әлсерке, Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия мүшесі: «Салыстыратын болсақ, су арнасы, олар ең қолжетімді және ашық. Қайта құруға келетін болсақ, көптеген жерлерде құбырлар Менің құрдастарым! Оларды жаңартып, халыққа сапалы су беру керек. Тағы бір ең маңызды мәселе, қазылған жерлерді қалпына келтіру керек. Халық соған шулайды. Жалпы, қазіргі жаңарту жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр .Байқап, көріп жүрмін».
Ал қаладағы тозығы жеткен желілерді қайта қалпына келтіру үшін инвест бағдарламаға өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда Ел Президентінің тапсырмасы бойынша және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес, «Тарифті инвестицияға айырбастау» үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің 2023-2026 жылдарға арналған жоспары қайта бекітілген болатын.
Айсұлу Әлібекова, ҚР ҰЭМ ТМРА басшысының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары: «Бүгінгі таңда 2023-2026 жылдарға есептелген 6,1 миллиард теңге сомасында бекітілген инвестициялық бағдарлама бар. Сонымен қатар, біз осы құжатқа өзгерістер енгіздік – кәріз желілері бойынша негізгі құралдардың тозуын азайту мақсатында 3,3 миллиардқа толықтырулар. Осылайша, инвестицияның жалпы сомасы 3 жылға 9,4 миллиардты құрады. Бүгінгі таңда кәріз желілерінің тозуы 77% -ды құрайды, бұл көрсеткішті үш жылдық кезеңде 75% — ға дейін төмендету жоспарлануда».
Жыл басында нақтыланған мәліметтерге сәйкес, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-і балансындағы су құбыры желілерінің 47 пайызының, ал кәріз желілерінің -77 пайызының тозығы жеткен. Бұл коммуникация желілерін жаңартып, көрсеткішті 15% — ға төмендету үшін шамамен 33 миллиард теңге қажет.