Түркістан облысында құны 10 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын салынбақ

39

Түркістан облысында құны 10 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын салынбақ. Осыған байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық компания басшыларымен кездесті. Өңірде бой көтеретін өндіріс нысанында қандай заттар шығарылады?

Түркістан облысында жылу жүйесіне арналған жабдықтарды, алюминий радиаторлары мен газ қазандықтарын шығаратын зауыт іске қосылмақ. Аталған жоба қытайлық компаниямен бірлесе жүзеге асатын болады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімі: «Сол себепті сізге алғысым шексіз, Түркістан қаласына келіп, бізбен арнайы жүздесіп, тағы жоспарымызды пысықтап, соны ары қарай жұмыс істейміз, енді жұмысқа кірісу қажет деп ойлаймын. Егер Түркістанға келсеңіздер барлық түркі елдері сіздермен қарым-қатынас жасауға дайын болады».

Келешекте өңірімізде шикізат өндірісімен айналысатын зауыттардың қатарын арттыру жоспарланған. Осы мақсатта шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді 3 жыл көлемінде бірқатар салық жеңілдіктері ұсынылады. Бұл туралы ел президенті биылғы Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімі: «Ендігі  кезекте облыс орталығы құрылғаннан кейін біздегі өндірісті көтереміз. Оған көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Түркістан қаласында өндірістік алаңдар бекітілген. Бүкіл Түркістан қаласы және өндірістік алаңдар арнайы экномикалық аймақ болып белгіленген. Ол дегеніміз көптеген салықтардан босатылады. Егер де өзінің өндіріс кәсіпорнын ашамын десе. Біздің президентіміз де біздің шикізат, өңдеу өнім шығаруға тапсырма берген болатын».

Өңір басшысы қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды облыста ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ісін дамытуды назарға алып, осы бағытта жұмыс істеуге тоқталды.