Полицияға облыс тұрғыны арызданып, танысы оның қолын қою арқылы 12 гектар жер учаскесін заңсыз иемденіп алғанын жеткізді. Аталған қылмыстық істің арызы бойынша полицейлер қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп, сараптамалар тағайындады.
Алайда тергеу барысында арызданушының айтқанын жоққа шығаратын жазбаша дәлелдемелер мен куәлардың айғақтары анықталды. Белгілі болғандай, арызданушы қарызының көптігін алға тартып құқық қорғау органы арқылы өзі сенімгерлік берген жылжымайтын мүлікті алып, несие берушілермен есеп айырысуды көздеген. Алайда істі заңға сәйкес жүргізген полиция арызданушының арам ниетін анықтап, жылжымайтын мүлікті сенімгерлікке берген тұрғынға қатысты дәлелдің жоқтығынан қылмыстық істі тоқтатты.
Іс бойынша қорғаушының адвокаты өзінің «Фейсбук» парақшасында Шардара аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы Заманбек Базарбайға сапалы атқарылған жұмысы, объективті және жан-жақты тергеуі үшін алғысын білдірді.