Түркістанда түркі әлемі математиктерінің конгресі басталды

87

Түркістанда Түркі әлемі математиктерінің 7 ші Дүниежүзілік конгресі өтіп жатыр. Айтулы шараның салтанатты ашылуында облыс басшысы Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің құттықтау сөзін жеткізді.

Киелі Түркістанда түркі мемлекеттерінің ең мықты математиктері жиналған конгрес өтуде. Қазіргі уақытта облыста халықаралық жарыстарда үздіктер қатарында көрініп жүрген жас математиктер бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды оңтүстік өңірде өтіп жатқан маңызды кездесу облыс жастарының математика ғылымына қызығушылығын одан әрі арттырады деп сенеді.

Дархан Сатыбалды,  Түркістан облысы әкімі:»Қадірменді конгреске қатысушылар сіздерді түркі әлемі математиктерін 7 дүниежүзілік конгресінің ашылумен шын жүректен құттықтаймын. Ұйымдастырушы Бақытжан Жұмағұловқа ерекше алғысымызды айтып, осы Түкістан облысындай осындай іс-шара өткізіп жатқанына рахмет айтып, қол шапалақ ұрып қоюға шақырамын.  Бүгінгі басқосуда ғалымдардың бұқаралық байланысын нығайтуға, және саланы дамытуға қатысты саликалы ой-пкірілер айтыла деп сенемін».

Айтулы басқосуда әлемнің 20 мемлекетінен 400-ден астам математик ғалым қатысуда. Атап айтқанда, Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның әлемге танымал ғалымдары математиканың соңғы нәтижелері бойынша бас -аяғы 405 баяндама ұсынады. Форум соңында саланың өркендеуіне елеулі септігін тигізгендер арнайы медальмен және аталған Түркі әлемінің математикалық қоғамы конгресс лауреаттары болып жарияланады.

Бақытжан Жұмағұлов,  Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, академик:
«Бұл математиктердің конгресінің ауқымы өте кең. Талқыланатын тақырыбы да сан саланы қамтиды. Мәселен конгрестің математиканың ең маңызды 10 бағытын бойынша пленарлық отырыс өтеді. Баянадамалар жасалады. Сондай-ақ секциялық отырысында ашық пікірталас өткізіледі. Қазір әлемнің көшбасшысы 500-ден астам тезистер мен баяндамалары келіп түсті. Демек конгрес ғылыми жаңалығымен құнды ойларымен ерекшеленеді деп айта аламын».

Конгрестің негізгі мақсаты – математикалық бағыттағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, ақпараттық технологиялардың жетістігін сала зерттеулерінде қолдануға үлес қосу. Аталған жиын түркі әлемінің математикалық қоғамы, еліміздің ғылым дәне жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. Айта кетейік, бүгінде облыстағы 12   мамандандырылған «Дарын»  мектеп–интернаттарында жаратылыстану-математика бағытында 3600 оқушы білім алуда. Ал облыстағы 10 мектеп республика бойынша «Ең үздік 100 мектеп» қатарына енген.