Ұрып-соққан адамға кешірім жасады…

91
фото Ұлт.кз

Жуырда  Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының сот залында құқық бұзушы Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Ордабасы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Н. 14.08.2023 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Береке ауылында ауылдың азаматшасы жәбірленуші А-ға ұрып-соғу арқылы денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, істеген іс әрекетіне өкінетінін айтқан.
Жәбірленуші мен құқықбұзушының өзара ымыраға келіп, татуласуына байланысты сот қаулысымен құқық бұзушы Н. әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Сот қаулысы занды күшіне енген жоқ