Жоғары лауазымды шенеуніктің көмекшісі ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған

45
фото Ақмешіт апталығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеумен ұштасқан алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған.

Сондай-ақ, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған.

Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.