Жұмысқа неше уақыт кешігуге болмайды? Заңгер кеңесі

515

Жұмысқа неше уақыттан аса кешігуге болмайды? Жұмыс берушінің жұмыскерге айыппұл салуы заңды ма?

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, жұмыскер жұмысқа 3 сағаттан артық себепсіз кешіксе, жұмыс беруші өз тарапынан акт толтырып, жұмыскерге оның түсініктемесі негізінде тәртіптік шара қолданады. Болмаса жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты тоқтатылады. Сол себепті жұмыскер еңбек тәртібін сақтауы қажет.

Ал жұмыс беруші жұмыскердің айлығының бір бөлігін қай кезде ұстап қала алады?

Олар:

  1. Соттың шешімі арқылы;
  2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді хабардар ете отырып;
  3. Іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақытылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу үшін;
  4. Жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
  5. Жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін;
  6. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының 50 пайызынан аспауға тиіс.