Қазақстандық фермерлер 12,6 млн га астық немесе 72,7%-ін жинады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
«Бірінші кезектегі міндет – келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына тұқым дайындау және себу. Жоспар бойынша 1,9 млн тонна астық тұқымы 935,5 мың гектарға себілді», — деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дәнді және майлы дақылдарды кептіруге литріне 250 теңгемен қосымша дизель отыны бөлінді. Жоспар бойынша МӨЗ-ден шамамен 62,5 мың тонна дизель отыны жөнелтіледі, деп атап өтті АШМ.Сондай-ақ өңірлік қаржы институттарымен фермерлер үшін айыппұл санкциясынсыз несиелерді ұзарту мәселесі пысықталды.