13 млрд. теңгеге жуық зейнетақы жинағы сенімгерлік басқаруға берілген

22

Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының таратқан хабарламасында барлығы 9 мың адам осындай шешім қабылдаған. Басым бөлігі – Алматы қаласының тұрғындары. Олар 5 млрд теңгеден астам қаржыны жеке компанияларға сеніп тапсырды.

Елордалықтардың салым сомасы бұдан екі есе аз. Маңғыстау мен Атырау жұртшылығы 600 млн теңге жинағын аударған. Алматы облысы мен Түркістан аймағының азаматтары да онша белсенді емес.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе enpf.kz    сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.
Жеке кабинет арқылы өтініш жіберу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Онлайн режимде өтініш беру тәртібі видеода толығымен көрсетілген.