81 мыңнан астам адам миллион теңгеден жоғары жалақы алады

33
фото syrboyi.kz

Қазақстанда миллион теңгеден жоғары жалақы алатын 81 мыңнан астам адам бар. Оның 24 мыңға жуығы тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Зейнетақы қорындағы қаржы 17 млрд теңгеден асты. Олар жеке кәсіпкер немесе шенді, шекпенді емес, қарапайым жұмысшылар.

Тау-кен өнеркәсібінде шамамен 23 мың 600 адам қомақты жалақы алады. Ал 9 мыңнан астамы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы тұр. Онда 8600 адам жұмыс істейді. Құрылыста 7800, саудада — 5500 адам миллиондап табыс табуда. Жалақысы қомақты ерлер әйелдерден 3 есе көп.