Аяқ киімді таңбалау: Қанша ақша кетеді?

28
фото Егемен.кз

Елімізде аяқ киімге таңбалау енгізілді. Осы орайда таңбалауға қанша сомада ақша керек? 

  • «Таңбалау шығындары тұрғысынан менде егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Бірақ дистрибьюторлар, сатушылар үшін аяқ киімді таңбалау салыстырмалы түрде арзанға түседі. Өркениетті сауданы жүргізуге тырысып, нарыққа мүмкіндік берейік. Біздің негізгі міндет салық түсімі, кедендік алымдар, тауарларды сату нарығы. Тұтастай алғанда заң аясында жұмыс істейтін ашық нарық құру», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ аяқ киімді таңбалауға қатысты өнеркәсіп комитетінің басшысы Азамат Панаев түсініктеме берді.

  • «Жалпы таңбалау бөлшек сатушыларға бірқатар жабдық сатып алуды міндеттейді. Бұл сканер, құны шамамен 25 мың теңге, бақылау маркасының өзі шамамен 3 теңге тұрады. Жалпы, аяқ киім өткен жылы 13%-ға қымбаттады, бірақ бұл таңбалауға байланысты емес. Бұл инфляциямен байланысты. Азық-түлік емес тауарлар да қымбаттады», — дейді ол.