Алаяқтықтан қорғану тетігі табылған сияқты

0
Біздің облыста мемлекеттік университеттен басқа 16 жоғары оқу орны студенттерін жатақханамен қамтуда белсенділік танытар емес

Оқушылар мен студенттер үшін қаржылық сауаттылық курстары енгізіледі. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтуынша, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды.

«Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталуда. Оқушылар үшін арнайы курс әзірленіп жатыр. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары дайындалатын болады. Нәтижесінде осы бағыт аясында 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарлануда», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Бұған қоса ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында несие алу үшін тұрақты негізде кеңес береді.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр.
Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредит бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.
Вице-премьер әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөлетінін атап өтті. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады.