Әмиянға есірткі салып, шекарадан өтпекші болған шетелдік ұсталды

57

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Келли» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға үріп, полицейлерге белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдіктінің қол әмиянының ішінен жасырып қойған есірткіге ұқсас зат табылады.

Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «кептірілген марихуана» екені расталды. Ұсталған азамат Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.