Арыс гарнизонының әскери полицейлері әскери қызметшілерді қауіпсіздікті сақтауға шақыруда

27

 

 

Әскерлер қызметі мен әскери қызметтің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінде жарақаттанудың алдын алу айлығы өткізілді.

 

Айлық аясында, әскери бөлім аумағында орналасқан апатты деп танылған және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ғимараттарды анықтауға мониторинг жүргізілді.

Осы ғимараттарға бөгде адамдардың кіруіне шектеу және қызметтік уақыт пен тұрмыста қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарын өткізу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

– Әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелері әскери бөлімдегі әрбір командирдің және әскери полиция бөлімінің қызметкерлерінің назарында болады. Қазіргі уақытта әскери бөлімдерде әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады, – деді Арыс гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицері аға лейтенант Шерхан Нұрсұлтан Даулетханұлы.

Айта кетсек, жарақаттанудың алдын алуды барлық санаттағы командирлер жеке өзі ұйымдастырады және оған жеке құрамды жауынгерлік даярлық пен шаруашылық қызмет іс-шараларына дайындау жүйесі, сондай-ақ оның күнделікті қызметі барысында жеке құрамды тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі. Себебі, жарақаттану ұзақ мерзімді емдеуге және уақытша жұмыс қабілеттілігін жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.