Аудан әкімінің халықпен кездесулері басталды

75

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төртінші тоқсандағы халықпен жүздесу жиындары басталды.

Алтынтөбе ауыл округі Аққұм елді мекенінен басталған кездесу, Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде жалғасын тапты. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, жайылым жер, қоқыс полигондары, балалар алаңшасы, медициналық пункт салу мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Бұдан бөлек, Ауыл халқы кәсіпкерлік саласына көрсетілетін қолдаулар туралы сұрады. Өйткені күн көрісі ауыл шаруашылығымен байланысты болғандықтан ауыл тұрғындары кәсіп бастап, ісін ілгерілетуді көздеп отырғандар көп. Осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды жауап берілді.
Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.