«Ауыл аманаты» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда

60
фото aptamedia.kz

 

«Ауыл аманаты» жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың      2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды.

Жобаның негізгі ережелері мен несие беру шарттары «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 26 шілде №314 бұйрығымен бекітілген.

Бағдарламаны жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Түркістан облысына 19,7 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру.

Сондай-ақ, ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде.

Б. Өсербаев, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары: «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы бойынша Шарбұлақ, Шанақ, Қызылқия және Қақпақ ауылы округтері қатысуда яғни, аталған ауыл тұрғындарына 2,5 пайыз мөлшерінде  жеңілдетілген несие беріліп келеді. Аталған бағдарлама ағымдағы жылдың сәуір айынан бастау алған болатын. Яғни, Шарбұлақ (сүтті бағыт), Шанақ (етті бағыт), Қызылқия (сүт өндіру және жылыжай) және Қақпақ (сүт өндіру және өсімдік) ауылдық округтері. Бүгінгі таңға, 4 ауылдық округтен жалпы 1,4 млрд. теңгені құрайтын 258 өтінім қабылданған (Шарбұлақ 58, Шанақ 46, Қақпақ  61, Қызылқия 93). Оның ішінде «Ырыс» МҚҰ  ЖШС арқылы 1,1 млрд. теңгені құрайтын 200 жоба мақұлданып (Шарбұлақ 49 жоба- 276,0 млн.тг, Шанақ                 38 жоба — 196,8 млн.тг, Қызылқия 75 жоба — 442,0 млн.тг, Қақпақ 38 жоба — 227,1 млн.тг.), 867,2 млн. теңгеге 157 жоба қаржыландырылды».

Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылып келеді: Өсімдік шаруашылығын дамыту (жылыжай кешенін салу, суды үнемдейтін суару жүйелерін сатып алу, бау шаруашылығын дамыту), Мал шаруашылығын дамыту (отбасылық бордақылау алаңдарын ашу, отбасылық сүт фермаларын ашу, мал басын көбейту, бал араларын өсіру, құрал-жабдықтарды сатып алу, мал азығын дайындау), Құс шаруашылығын дамыту (балапан сатып алу, құрал-жабдықтарды сатып алу, құс азығын дайындау), Балық шаруашылығын дамыту (шабақ сатып алу, құрал құрал-жабдықтарды сатып алу, балық азығын дайындау), Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау (ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алу, ауыл шаруашылық саласындағы қызмет көрсету кооперацияларын құру), Тұрғындардың өз кәсібін ашу (өндіру, өңдеу және қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашу және дамыту, қызмет көрсету саласындағы жеке кәсібін дамыту).

Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін – 8 625 000 теңгеге дейін, Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін – 27 600 000 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, 2024 жылы бағдарлама аясында басқа да ауыл округтерін қосып, жеңілдетілген несиемен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етілетін болады.