Балалар полиция көлігімен серуендеп жүр…

10
фото nur.kz

Төлебилік полицейлер балалардың игілігі үшін олардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ету жолында бірқатар шаралар атқарып, еңбек етуде.

Осы ретте Төлеби ауданының полиция қызметкерлері «Республика күні» мерекесіне орай балаларға қуаныш сыйлау және оларға қолдау көрсету мақсатында Ленгір қаласында орналасқан мектеп-интернатына арнайы барды. Онда тәртіп сақшылары 10 оқушыны қызметтік көлікпен Шымкент қаласына серуендетті. Балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасаумен жалғасты. Одан кейін полицейлер мен балалар орталық стадионда Ордабасы – Шахтер арасындағы футбол матчын тамашалап,
Ордабасы футбол клубының тарихтағы алғашқы чемпиондығына куә болды.
Сонымен қатар сақшылар балаларға тәттілер, сусындар мен тағамдар үлестірді. Өз кезегінде мектеп-интернатының балалары қуанышты мереке сыйлаған полицейлерге рақмет айтып жұмыстарына табыс тіледі.