Ертең Қазақстанда – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

68
фото: Ашық дереккөзден

29 қазан Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, — деп хабарлайды Ақорда.

«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.

Бүгін күндіз Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты.

Еске салайық, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Сағат 17.33-тегі мәлімет бойынша 33 кеншінің денесі табылды, 13 адам іздестіріліп жатыр.