Интернет-алаяқтық етек жайып барады

18
фото КТК

Жыл басынан бері қазақстандықтар интернет-алаяқтарға 11,3 млрд теңге берген. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, бүгінде банк саласындағы интернет-алаяқтық бүкіл әлемде таралған. Соңғы бес жылда Қазақстанда олардың саны бес есеге өскен.

«Биыл 13746 интернет-алаяқтық тіркелді. Салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шекті. Оның 70 пайызы қала тұрғындары, қалған отыз проценті ауылдық елді мекендерде тұрады. Жәбірленушілердің әлеуметтік мәртебесі әртүрлі. Арасында бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер де бар. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 11 млрд 355 млн теңгені құрайды», — деді Лепеха парламенттік тыңдауда.
Айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында 2,5 мың интернет алаяқтыққа қатысы бар 521 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Жәбірленушілерге 523 млн теңге шығын өтелді.