ІV жазғы Азия Параойындарында түркістандықтар жүлделі орындарды еншіледі

0

Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV жазғы Азия Пара ойындары жалауын көтерді. Айтулы спорттық додаға Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы Түркістан облысының 5 спортшысы қатысты. Олар еліміздің қоржынына 3 күміс, 1 қола медальді салды. Осындай жаңалықтармен елге оралған жеңімпаздарды жақындары мен қала тұрғындары ерекше құрметпен күтіп алды.

Шымкент әуежайында Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындарының жүлдегерлерін жерлестері салтанатты түрде күтіп алды. Олар Түркістан облысының 4 бірдей су спортының шеберлерінің елге жеңіспен оралған параканоэшілері Бибарыс Спатай, Жалғас Тайкенов, Жаңыл Балтабаева және пара-академиялық есуші Темірхан Дайырбек сынды дарынды спортшылар. Қос күмісті қоржынға салған Бибарыс Спатайдың аталған жарыста мерейі үстем болды. Ол – параканоэден VL3 200 метр бағдарламасы бойынша және KL2 200 метр жекелей бағдарламасында жүлдегер атанды.

Бибарыс Спатай, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері: «Бұл спорт. Онда қобалжулар болып тұрады. Кішкене  тайминг ұстай алмадым. Кішкене ерте бастап қойдым. Сонымен 1 орын ала алмай қалдым. 2 күміс алып, орнын бастым деп өз өзімді жұбатамын. Келесі олимпиадаға дайындаламыз. Акцентты соған қоямыз. Биыл лицензия алу кішкене ауырлау болды. Келер жылы Олимпиадаға мақсат қоямыз».

Дәл осы су спортында Жалғас Тайкенов KL3 бағдарламасы бойынша 200 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Жалғас Тайкенов, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері: «Енді осындай жетістікке жеткенге өте қуаныштымын. Қолдау көрсеткендерге рахмет. Қытайға алғаш болдық. Өзге сопртшылар өз қайықтарымен келді. Аклиматизация жағынан қиындау болды. Бірақ жаман емес, бәрі жақсы Алланың бұйырғаны енді».

Сонымен қатар еліміздің намысын қорғаған пара каноэші жерлесіміз Жаңыл Балтабаева VL3 200 жекелей бағдарламасында қола медалға қол жеткізді.

Жаңыл Балтабаева, Пара Азия ойындарының қола жүлдегері: «Азия ойындары өте жақсы өтті. Ұйымдастырушылығы ұнады. Ең бастысы суға көп дайындалу керек. Өзбектер өз қайығын әкелді. Қазақстанға алғаш медаль түсірген мен болдым».

Туған жерге ғаламат жетістікпен оларған жерлестерімізді Шымкент әуежайынан Түркістан облысының спорт саласының мамандары және облыстық су спорт түрлері мектебінің ұжымы мен туған-туыстары зор құрметпен күтіп алды. Жүлдегер спортшыларға гүл шоқтарын табыстап, алдағы әлемдік додаларда жеңістің шыңынан көрейік деп тарқасты.