Кентауда ЖЭО қазандықтарда жөндеу жұмыстары жалғасуда

33

 Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандықтағы жөндеу жұмыстары 85%-ға ғана орындалған.  Энергетика министрлігі, атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және мердігер ұйымдардың басшылары қатысуымен өткен жиында осындай мәлімдеме жасалды.

«Талқылау нәтижесінде зауыттарда өндірілетін қажетті жабдықтарды жеткізу мерзімін, сондай-ақ қосымша көтеру механизмдерін тартуды ескере отырып, жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді», — деп хабарлады энергетика министрлігіндегілер.
Ведомстводағылар қазандықтарды іске қосудың жаңа мерзімі 20 қазанға белгіленгенін мәлімдеді. Қалада 4,7 километр магистральдық жылу магистралі ауыстырылды. Станцияда 8, 9, 10, 11 қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық демонтаж және дайындық жұмыстары жүргізілді, бірақ жаңадан шығарылған құрал-жабдықтар стансаға әлі жеткізілген жоқ.
«Айналмалы жабдықтардың, ысырма арматура және бірқатар жылыту беттерінің қажетті көлемде жеткізілмеуіне байланысты монтаждау операцияларының мерзімі кейінге шегерілді. Іс жүзінде кестеден кешігу 14-тен 30 күнге дейін созылды», — деп хабарлады ведомстводағылар.
4 қазандықтан тұратын жылыту маусымының басталуы 25 қазанға жоспарланған.